Көп жанрлы фестиваль облыс орталығында өтіп, жүзге жуық қатысушыны жинады.
Өзінің жас санатында "Ломоносов жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 6 сынып оқушысы Бришева Дарина 1 орын алып, "аспаптық өнер"номинациясы бойынша бірінші дәрежелі лауреат дипломының иегері атанды. Дарина өзінің музыкалық шеберлігін Жетіген қазақ халық аспабында көрсетті .
Ол Боровской өнер мектебінің 2 сынып оқушысы, жетекшісі-Гүлжан Нұрмұхамбетова. Оқытушының айтуынша, фестивальде Дина Нұрпейісованың "Науысқа"күйінің өте күрделі туындысын ойнауға тура келді.Ол тапсырманы орындап, қазылар алқасынан лайықты құрметке ие болды.